ҚЫЗҒА ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЙЫМ ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ



Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық эканомикалық колледж арасында “Қызға қырық үйден тыйым” тақырыбы аясында кездесу өтті.


Мақсаты:жастарға ұлттық өнеге,салт-дәстүр жайлы дәріптеу.


Іс-шараға:Бибі аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

Германия, Тюрингиядағы FAV-оқыту және жұмысқа орналастыру FAV SERVICE gGmbH компаниясының бас директоры Хайко Шулер және орынбасары жобаны жүзеге асырушы Деннис Невинский мен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық -экономикалық колледжінің директоры Арынбекова Ажар Сериковнаның қолдауымен кәсіби бағдарлау, дуальды оқыту жүйесі жастарды қолдау бәсекеге қабілетті маман даярлауда кездесу өткізілді.    

Германия, Тюрингиядағы FAV-оқыту және жұмысқа орналастыру FAV SERVICE gGmbH компаниясының бас директоры Хайко Шулер және орынбасары жобаны жүзеге асырушы Деннис Невинский мен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық -экономикалық колледжінің директоры Арынбекова Ажар Сериковнаның қолдауымен кәсіби бағдарлау, дуальды оқыту жүйесі жастарды қолдау бәсекеге қабілетті маман даярлауда кездесу өткізілді.

Кездесу барысында:
⏩Жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнының тағылымдамалық айырмашылығы
⏩Қосымша оқыту мен қосымша біліктілікті ұйымдастыру
⏩Практикалық кәсіптік бағдарлау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
⏩Кәсіпорындарда тағылымдамалар мен оқу процесін ұйымдастыру
⏩Оқушылар мен көмекке мұқтаж компанияларға кеңес беру және қолдау
⏩Білікті қызметкерлерді даярлау жөніндегі ұлттық және халықаралық жобаларды іске асыру бойынша нақты мәліметтер базасын толықтырып айтып өтті.

📝Білім алушылар сауалдарын қойып, FAV жоба жайында пікір алмасты.
Жоба бойынша жұмыстың мақсаты Қазақстандағы мекемелермен және ұйымдармен, жалпы білім беретін және кәсіптік мектептермен, колледждермен, қолданбалы ғылымдар институттары және университеттерімен, сондай-ақ тілдік мектептермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастық орнату болып табылады.

     Ілияс Жансүгіровтың 130 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті.

Ілияс Жансүгіровтың 130 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті


Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен “Ілия Жансүгіровтың” туғанына 130 жыл” толуына орай дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара ауданға қарасты Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық эканомикалық колледж жастары қатысты.
Іс-шара барысында Ілиястың шығармашылығы жайлы айтылып роликтер көрсетілді.

     Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің директоры Арынбекова Ажар Серікқызының қолдауымен колледж білім алушылары жеке бизнес және кәсіпкерлік бойынша, студенттердің таным-қабілетін дарынын арттыру мақсатында “Әділет және Өркендеу “қорының басшысы, “Іскер-әйелдер қоғамының” төрайымы - Ағабекқызы Эльенора, “Аяла kids” өнер, оқу орталығының негізін қалаушысы Мусаева Индира Болатбекқызымен, “Miss English “ оқу орталығы басшысы-Заидинова Ғалия Нарходжаевнамен, “HAN TV” телеканалының журналисті Ибрагимов Бауыржан және “Bes-barmaq.kz” жартылай дайын өнімдер шығарудың бизнестің негізін қалаушы,жеке кәсіпкер Қалыбай Мәдина Құрбанқызымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысындар өз ісінің мамандары мотивация беріп қана қоймай жеке кәсіп ашудың жолдары, қиындықтары , жеткен жетістіктері жайында сөз етті және студенттердің қойған сауалдарына жауап берді!Студенттер өздерінің бизнес жайында және қайырымдылық бойынша одан бөлек мобилография саласы бойынша жұмыстарын көрсетіп, тың нәтижелерімен бойындағы қабілеттерімен бөлісті! Кездесу студенттердің көңілінен шықты!
Кездесу соңында студенттерге Домбыра үйірмесіне және тамақ әзірлеу, кондитер өнімдеріне және журналистика,ағылшын салалары бойынша тегін үйірмелеріне жолдама алды!

      Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің белсенді студенттері “Өнегелі ұрпақ” акциясы аясында қарттар үйіне барды.


          Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің белсенді студенттері “Өнегелі ұрпақ” акциясы аясында қарттар үйіне барды. Қарттар үйі… Атауы қатал болғанымен, мұнда ата – әжелердің аялы алақаны мен ақ батасы бар. Өйткені, «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» – дейді қазақ. Сондықтан қай уақытта болмасын үлкендерді сыйлап, керек кезде қол ұшын созып, үлкенге ілтипат, кішіге қамқорлық көрсету – дәстүрлі үрдіс, ата – бабадан жалғасып келе жатқан салтымыз. Бүгінгі «Өнегелі ұрпақ» апталығында «Қазыналы қария – ақылы теңіз дария» атауымен іс-шара ұйымдастырылды.

26.04.2024ж. күні А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында «СӨЗ» Халықаралық әдеби фестивалі аясында ұйымдастырылған «Әдебиет әлемді біріктіреді» атты әдеби-поэзиялық байқау өтті.


     26.04.2024ж. күні А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында «СӨЗ» Халықаралық әдеби фестивалі аясында ұйымдастырылған «Әдебиет әлемді біріктіреді» атты әдеби-поэзиялық байқау өтті. Бұл байқау қазақстандық ақын-жазушылардың әдеби шығармаларынан үзінділер (проза) және өлеңдерін мәнерлеп оқуға арналған.Байқаудың мақсаты - әдебиетке деген қоғамдық қызығушылықты арттыру, әртүрлі жастағы қала тұрғындарын кітап оқу процесіне тарту, оқу белсенділігін дамыту және мәнерлеп оқу мәдениетіне тәрбиелеу. Аталған іс-шараға Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы К.Шалабаева мен кітапхана меңгерушісі А.Асанбаеваның жетекшілігімен бірнеше ұстаздар және білім алушылар қатысты. Қатысқандар: оқытушы Әміртаева Жанар - Т.Айбергенов «Ана», оқытушы Нұралықызы Ардақ - М.Шаханов «Жігерлендіру», Нұржігіт Сая - А.Пушкин «Я помню чудные мгновения», Ерниязқызы Жанель - Ш.Қыдырбай «Қазіргінің жастары», Сенхан Шұғыла - Қ.Сарин «Күзгі көрініс», Абдураимова Жұлдыз - С.Досжан «Қасірет пен тағдыр» романынан үзінді, Тулегенова Әсел - М.Мақатаев «Кетер ме екем», Үсенов Дидарбек - М.Мақатаев «Үш бақытым», Амантай Санжар - М.Мақатаев «Жоқ, дәрігер», Саттыбек Салтанат - Б.Алдияр «Сенің барың қандай ғажап».

Екінші кезеңге Нұралықызы Ардақ, Әміртаева Жанар, Ерниязқызы Жанель, Абдураимова Жұлдыз жолдама алды.

26.04.2024ж. күні А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында «СӨЗ» Халықаралық әдеби фестивалі аясында ұйымдастырылған «Әдебиет әлемді біріктіреді» атты әдеби-поэзиялық байқау өтті.


     26.04.2024ж. күні А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында «СӨЗ» Халықаралық әдеби фестивалі аясында ұйымдастырылған «Әдебиет әлемді біріктіреді» атты әдеби-поэзиялық байқау өтті. Бұл байқау қазақстандық ақын-жазушылардың әдеби шығармаларынан үзінділер (проза) және өлеңдерін мәнерлеп оқуға арналған.Байқаудың мақсаты - әдебиетке деген қоғамдық қызығушылықты арттыру, әртүрлі жастағы қала тұрғындарын кітап оқу процесіне тарту, оқу белсенділігін дамыту және мәнерлеп оқу мәдениетіне тәрбиелеу. Аталған іс-шараға Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы К.Шалабаева мен кітапхана меңгерушісі А.Асанбаеваның жетекшілігімен бірнеше ұстаздар және білім алушылар қатысты. Қатысқандар: оқытушы Әміртаева Жанар - Т.Айбергенов «Ана», оқытушы Нұралықызы Ардақ - М.Шаханов «Жігерлендіру», Нұржігіт Сая - А.Пушкин «Я помню чудные мгновения», Ерниязқызы Жанель - Ш.Қыдырбай «Қазіргінің жастары», Сенхан Шұғыла - Қ.Сарин «Күзгі көрініс», Абдураимова Жұлдыз - С.Досжан «Қасірет пен тағдыр» романынан үзінді, Тулегенова Әсел - М.Мақатаев «Кетер ме екем», Үсенов Дидарбек - М.Мақатаев «Үш бақытым», Амантай Санжар - М.Мақатаев «Жоқ, дәрігер», Саттыбек Салтанат - Б.Алдияр «Сенің барың қандай ғажап».

  ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ: МӘДЕНИ АҒАРТУШЫ, ЭТНОГРАФ, ГЕОЛОГ, МИНЕРОЛОГ, АРХЕОЛОГ


Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппараты бекіткен Академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық іс-шаралар жоспары аясында 25.04.2024 жылы Д.Қонаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында «Ғұлама ғалым: мәдени ағартушы, этнограф, геолог, минеролог, археолог» атты қалалық ғылыми конференция өтті.Аталған конференцияға білім басқармасы әдістемелік орталығының әдіскерлері, білім мекемелерінің басшы орынбасарлары, педагогтер жалпы 500-ге жуық адам қатысты.Ғылыми конференция пленарлық сессия және секциялық отырыс болып екі бағытта өткізілді.Конференция барысында Қ.Сәтбаевтың өмір жолдары мен алаш еліне қосқан үлестері туралы баяндамалар жасалды,тыңдалды. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінен әдіскер Сатенова Г.А. мектепке дейінгі оқыту мамандығының оқытушысы Ауелбекова М. және тарих пәні оқытушысы Дархан М.Ұ. қатысты.Атап айтқанда, Ауелбекова М. “Бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісінде Қ.Сатпаев туралы түсініктерін қалыптастыру жолдары” атты мақаласын, Дархан М.Ұ. “Қ.И.Сәтбаевтың тарих ғылымына қосқан үлесі”атты мақаласын өте жақсы баяндады. Академиктің саналы ғұмырында өшпестей мұра қалдырғаны- болашақ ұрпақ үшін сый әрі жауапкершілік. Елге қызмет етер Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтай тұлғалы ұрпақтарымыз көп болсын!

   ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасына сәйкес “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясын жүзеге асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледждің ауласында СЕНБІЛІК жұмыстары жүргізіліп тұрады.



Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде Наурызнаманың онкүндігіне ұстаздар және  білім алушылар белсене қатысып әр берілген тақырыптық күндерге ат салыса отырып қоғамдық өмірге белсене қатыса білді.

14 наурыз-Көрісу күні https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02Td3JunMBtFoEFoH6eJ6ULnn33cV85gnQU7PhHdDBUCQm77d8LF5mvtyNpYW9oCS2l&id=100008371725677
15 наурыз Қайырымдылық күні
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02JMHmyr2vbEut5cxs3M4WePmHAvj88Qj7FLKTtVcWVGgFkDriiHLxgexXiHhJMFuRl&id=100008371725677
16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid032Mf8yAR5bGqEyYe8ddfZQaobnpCgu8sZjnrqJn6w2gyagzEAgS5kmLAS49nv3JwDl&id=100008371725677
17 наурыз Шаңырақ күні
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid033MYFraRddEgkSdmDLtQTzF5WXPScUiNxMazxYmjuYRY4RE7eusfvyJ2FQpJ3niM1l&id=100008371725677
18 наурыз Ұлттық киім күні
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02jfqaZ7xLP22NNi8cqCRH66e22gynMx3fJa22XajGKodXXC3CAkfPtH48pymVrRaFl&id=100008371725677
19 наурыз Жаңару
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02nAYNmeyiU3GPbQbabKYSjrF3DPcZiCE5QaAYSfGjPHvfdzL1NjuyYfQ84mq7bCKvl&id=100008371725677
20 наурыз Ұлттық спорт
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0vjmz9dBkmSSNAfPQ4e75re1cQZuD94ipWHLhWqXvSKbNPbdikNFNSN6mhb5G992Zl&id=100008371725677
21 наурыз Ынтымақ
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02NLvauhpufbMrcWYCQS68iCr1REPEGEDm1CAF641GAh4JdbTynXLuBRDZhfp2KpMMl&id=100008371725677
22 наурыз Жыл басы
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02hNbsXsBHmS1vfXuoSrJxWiu4hpPQsh5eT41qAx5cvVYCwMVvQw6ws93EKGLDMQz3l&id=100008371725677

Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде 13. 03. 2024 ж.

 «STOP BULLYING»  атты семинар тренинг өткізілді.

1. Гештальт терапевт Асанова Салтанат Сайлауқызы
Біз бүгін кімнің қандай мақсатты көздеп отырғанын білдік. Кім мақсатына жетеді, кім жетпейді, оны сынып сағатының соңында анықтаймыз, енді осы кездесуде бізге көмектесетін топтық жұмыс ережелерін еске түсірейік: Бір дауыс ережесі (бір уақытта тек 1 адам сөйлей алады) «Құпиялылық» ережесі (жеке сипаттағы кез келген ақпарат қатысушылар осында қалуы керек және жиналыс аяқталғаннан кейін бұл шеңберден тыс талқыланбауы керек). «Әрекет» ережесі (барлық жаттығуларға қатысу). Бүгін біз қорқыту сияқты құбылыс туралы айтатын боламыз. Менің ойымша, сіздердің әрқайсысыңыз бұл сөзді естіген жоқсыз, бірақ көпшілігі оның көрінісін кездестірді және бұл құбылыс, өкінішке орай, бізге жақсы таныс ... Бүгін біз сұрақтарға жауап табуға тырысамыз: -Қорлау деген не? – Бұзақылық құқық бұзушылық па және ол үшін жауапкершілік бар ма? - Өмірде қорлауды қалай болдырмауға болады?
   2. Жас отбасылармен жұмыс бөлімінің психолог маманы Әбдразақ
 Әсел : Ең жиі кездесетін қорқытудың екі түрі: «тікелей» – физикалық және «жанама» (психологиялық) – әлеуметтік агрессия. Тікелей (физикалық) қорқыту – агрессия және физикалық зорлықпен қудалау. Жанама (психологиялық) қорлауды әртүрлі тәсілдермен көрсетуге болады. Мысалы, егер қудалаушы жәбірленушіні оның ар-намысын қорлайтын және қорлайтын түрлі жағдайларды бастан өткеруге мәжбүрлейтін болса, олар мінез-құлық қорлауы туралы айтады. Бұл көбінесе ауызша агрессияның көрінісі - өсек пен интригадан бопсалау мен бопсалауға дейін. Сонымен қатар, қудалаушылар моральдық қорлау фонында жәбірленушінің үй тапсырмалары жазылған дәптерлерін немесе жәбірленушінің жеке заттарын ұрлауға дейін бойкот жариялауы мүмкін. Адамды неше түрлі әдепсіз сөздермен қорлап, атын атап, мазақ қылса, мазақ ететін жапсырмаларды жапса, біз ауызша қорлаумен айналысамыз. Соңғы жылдары мектептегі қорлаудың жаңа түрі пайда болды, ол кибербуллинг деп аталады. Әдетте қорқытуға қудалаушылар мен құрбандар жатады, олардың арасында тіпті бір жасөспірімге екіншісіне үстемдік етуге мүмкіндік беретін тұрақты қарым-қатынас жиі туындайды. Екінші сұрағымызға жауап беру үшін есімізге түсірейік: - Қылмыс деген не? Балалардың жауаптары. Құқық бұзушылық – бұл заң бұзушылық, ол үшін ересектер мен жасөспірімдер үшін жаза қарастырылған. - Беларусь Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес кәмелетке толмағандар үшін жауапкершіліктің қандай түрлері бар және жазалар.

   3.Колледж психолог маманы Сайымбекқызы Айжан:
1.Колледжде сізді қорлап, атын атаса, киім-кешек пен заттарды бүлдіріп алсаңыз, бұл туралы міндетті түрде үлкендерге: ата-анаға, мұғалімге, үлкен досыңызға айтыңыз. Есіңізде болсын: көмек сұрау - әлсіздік емес, қиналған ересек адамның шешімі.
2. Болып жатқан жайтты біреуге айтсаң, «мұнан да жаман болады» деп қорықпа. Егер сіз өз проблемаңызбен жалғыз қалсаңыз, бұл шынымен де нашар болады. Есіңізде болсын: әрқашан сіздің қылмыскерлеріңізден күшті және сізді қорғай алатын адам болады.
3. Интернетте сізді қудалау болса, болашақта кибербуллингтің дәлелі ретінде пайдалану үшін барлық хат-хабарларды, бейнелерді, дауыстық хабарламаларды сақтауды ұмытпаңыз.
4. Егер қорқыту тақырыбын түзетуге болатын болса, оны түзетіңіз. Егер қолыңыздан келмесе, өзіңізді кінәлі сезінбеңіз.
4. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елтаев Данияр: Қазір қорқытудың кибербуллинг деп аталатын түрі жиі ұшырасады. Мамандар да кибербуллингтің әсіресе пандемия кезінде өршіп тұрғанын айтып жүр. Кибербуллинг — интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін. Сонымен қатар құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін.

Шешім:
1 Мәселе бойынша жүргізілген түсіндірме «өз деңгейінде» деп танылып, ондағы талаптар білім алушылар тарапынан қатаң сақталсын.
2. «STOP BULLYING» атты семинар тренинг өз дәрежесінде деп танылып, білім алушылар тарапынан қатаң сақталсын.
Аталған шара жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, саналы көзқарас қалыптастырып, дұрыс бағыт-бағдар беру, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Әсел ханым жастарға отбасы құндылықтары жөнінде кеңінен сөз етіп, тақырып аясында түрлі ойындар ойнатты. Семинар-тренинг соңында, жастармен кері байланыс орнатылды. Айта кетейік, Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған “Мобильді топ” “Жабық” базарында мемлекеттік бағдарламалар мен «Неке шеберлікті талап ететін іс» тақырыбында кітапшалар тарқатып, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстары барысында мемлекеттік бағдарламалар: “Жастар практикасы”, “Алғашқы бос жұмыс орны жөнінде түсіндірілді.

Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Көктем аруы-2024» атты мерекелік іс шарасы өткізілді.

Қатысқан топтар: ББ-23-9к1,ББ-23-9-К2,ДШ-23-9-К1,БҚЕ-22-9К1,БҚЕ-23-9К1,ББ-22-9К,ББ-23-11К3,БҚЕ-23-9-К2,МД-22-9К
Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің директоры Мырзасалиева Ажар Серікқызына және Директордың тәрбие- ісі жөніндегі орынбасары Елтаев Данияр Қуанышбекұлы, Каратанова Феруза, Мынбаева Гулжан, Сатенова Гулзира әділ қазы мүшелері әділ бағаларын беретін төрешілеріміз болды. Тәрбиенің жылдық жоспарына сәйкес көктем мерекесі қарсаңында 1-2 курс білім алушы қыздары арасында "Көктем аруы - 2024" байқауы өткізілді.
 Байқау:

 Таныстыру
Өз өнері
 Қонақ күте білеміз бе? Қамыр жаю
   Сұрақ-жауап ,-деп аталатын 4 кезеңнен тұрады.
Наурызнаманың бұл күні - «Ұлттық киім күні» деп аталды. Ұлтымыздың ұлылығын айшықтайтын ұлттық киім әрқашан өз құндылығын жоғалтқан емес. Қазақы ою мен әшекейлер, сәукеле мен кимешек, шапан мен кең етекті көйлек ұлттық болмысымызды ерекшелеп тұратыны анық.
Республикалық Наурыз мерекесіне арналған онкүндік шеңберінде 18 наурыз – «Ұлттық киім» күні болып белгіленген.
Сондықтан, дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде “КӨКТЕМ АРУЫ-2024” қыз сыны байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты:
Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту.
Байқауға 9 қыз іріктелініп алынды. Атап өтер болсақ,
Қатысушыларлың аты-жөні:
​ББ-23-9К1​Сенхан Шұғыла
​ББ-23-9К2​Ордабек Қарақат
​ДШ-23-9К1​Арапова Умида
​БҚЕ-22-9К1​Орынбек Айтолқын
​БҚЕ-23-9К1​Омарали Сания
​ББ-22-9К​Турабай Жансая
​ББ-23-11К3​Баймурзаева Нұргүл
​БҚЕ-23-9К2​Шадман Сабина
​МД-22-9К​Ізбасқан Аяна
4 сайыс кезеңінде жүргізілді, сыннан мүдірмей орынға ие болған білім алушылар: 1- Ордабек Қарақат “Көктем аруы-2024” атанды және
2-орын Турабай Жансая,
3-орын Шадман Сабина есімді аруларымыз ақшалай жүлде ұтысқа ие болды.Ал байқауға қатысқан қыздардың барлығына номинация және сыйлықтар берілді!
Парақша сілтемесі:
https://www.instagram.com/reel/C4qhpxVthtr/?igsh=MTJiNW1hcW40aDdnaQ
   Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде 05.03.2024 жыл «Ана- өмірдің гүлі» атты мерекелік мәдени іс-шара өткізілді.
Қатысқан топтар: ДШ-23-9К1, ДШ-23-9К2, ДШ-23-9К3, ДШ-23-11К1, ДШ-22-9К1, ДШ-22-9К2, БҚЕ-23-9К1, БҚЕ-23-9К2, БҚЕ-23-11К1, БҚЕ-22-9К1, МД-23-9К , МД-23-11К , МД-22-9К , ББ-23-11к1, ББ-23-11к2, ББ-23-11к3
Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің директоры Мырзасалиева Ажар Серікқызына және Директордың тәрбие- ісі жөніндегі орынбасары Елтаев Данияр Қуанышбекұлына сөз берілді.Аналарды мерекесімен құттықтай отырып, ана деген ұғымның мәнін ашып түсіндірді.Студенттер аналарды мерекемен құттықтай отырып өздерінің қоржынындағы әндері мен күйлерімен билерімен бөлісті.Ережеп Айда «Ана» әнін орындаса, Баймурзаева Нұргүлдің орындауында «АНАШЫМ-АЙ», «Болашақ» би тобы, Жолдасова Динараның орындауында «БАЛБЫРАУЫН» күйлері орындалды.Белсенді студенттер аналарына алғыс хаттар берілді.
Білім алушылар 8 Наурыз –Аналар мерекесіне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар арқылы шығармашылыққа баули білді және,сұлулықты сезіне білуге,мейрімділікке, үлкенді құрметтеуге , ана еңбегін қадірлей білуге талпынды.
   Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі 14. 02. 2024 ж.  «ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР» тақырыбында білім алушыларымызға кездесу өткізілді.
   Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде құрылған «Шексіз үміт» волонтерлық ұйымның жетекшілігімен  «Ата -ананың қарызы, ұрпақтың өмірлік парызы» атты тақырыптық кездесу өткізілді.
       Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде құрылған «Шексіз үміт» волонтерлық ұйымның жетекшілігімен  «Ата -ананың қарызы, ұрпақтың өмірлік парызы» атты тақырыптық кездесу өткізілді. Кездесуге 1-курс білім алушылары қатысып, спикерді тыңдап кездесу соңында сұрақтарын қойып, мардымды жауап ала білді.
Парақша сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/C3VJbLFoUBc/?igsh=MXByd2N6NjNkNTUwcQ==
Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі Шымкент қалалық колледждер арасында  «Нашақорлық-қоғамның қауіпті індеті» тақырыбында конференцияда болды.
        Парақша сілтемесі:https://www.instagram.com/p/C3FQpHvNIdP/?igsh=aHl6bXluZHduOG85
 Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономткалық колледжінің SOYLE дебат клубы 16.03.2024 жылы "Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы" тақырыбында кезекті колледжішілік дебат турнирін өткізді.
         Пікірсайыстың мақсаты: студенттер өзін-өзі басқару, көшбасшылық қасиеттерін, ой-өрісін дамыту, әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды бірлесіп шешу, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Жалпы 4 фракция қатысып, қатысу белсенділіктеріне байланысты қатысушылар "Ең үздік спикер","Үздік спикер","Әділ төреші","Үздік төреші "номинациялары мен фракциялар арнайы үздік орындармен дипломдармен марапатталды.
SOYLE дебат клубының жетекшісі: Жахангер Айаулым
#дебат
#пікірсайыстурнир
 Шымкент қаласы білім басқармасының “Политехникалық колледжі” МКҚК-де ұйымдастырылып жатқан Шымкент қаласы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында “Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы” жалпыұзаттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру бойынша "Лудомания XXI ғасырдың дерті" атты қалалық студенттер арасында пікірсайыс дебат турнир болып өтті.
          Пікірсайыстың негізгі мақсаты: студенттер арасындағы қарым-қатынасты дамыту, тақырыптың мән жайын аша білу. Командалар жеребе бойынша анықталған қарарда жақсы нәтиже көрсетті. Колледжімізден "Эверест" фракциясының спикерлері Нұржігіт Сая және Ерниязқызы Жанел қатысты. Ойынға жалпы төрешілік жасалып, кезеңдер бойынша қатысушылар бір бірімен сайысқа түсті.3-кезеңнен кейін 17 команда арасынан 8 команд анықталып, плэй оффқа жолдама алды.
Тартысты пікірсайыстың нәтижесінде “Эверест” фракциясы мақтау қағазымен, Нұржігіт Сая "Үздік спикер" номинациясымен марапатталды.
Студенттеріміз жалынды жігер мен толағай табыстар тілейміз!

#дебат
#пікірсайыс
  Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі және Отырар колледжі арасында «Салт-дәстүр ұлттық тәрбие негізі» тақырыбында дебат  өткізілді.
          Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің білім алушылары жолдастық кездесуде жоғары деңгейді көрсетті.20-ақпан күні Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен пікірсайыс өтті.Пікір сайыс Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі және Отырар колледжі арасында «Салт-дәстүр ұлттық тәрбие негізі» тақырыбында дебат  өткізілді.
Іс-шараның мақсаты жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және көпшілік алдында еркін сөйлеуге баулу.
    «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің» студенттері семинар және квестте болып қайтты.
             «Сәлем» әлеуметтік қалашығында квест өтті «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Сәлем» әлеуметтік қалашығында «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің» студенттеріне семинар және квест ұйымдастырылды.Кездесуге Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің мамандары Әлім Арайлым, Алайдар Мөлдір және педагогика және психология пәні оқытушысы Жахангер Айаулым «ЖИТС-тың алдын-алу және онымен күрес орталығының» маманы Жүргенбаева Назира қатысты.Кездесу барысында Жүргенбаева Назира жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу және алдын-алу  жолдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластату жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бағдарламаға үйрету ойындары мен талқылаулар кірді.Қатысушылар АИТВ-ға шалдығу қаупі төнген адамның өмірлік тәжірибесін көрме ішімен 15 минутта интерактивтік серуендеу арқылы бастан кешті.
  Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мегаполис жастарымен еркін форматта  ОҚ ГЭК білім алушылары  кездесуінде болып қайтты.
       Кездесуге қаладағы түрлі ұйым мүшелері, Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттерінің белсенді жастары Үсенов Дидарбек, Тағай Қалдыбек, Нұржігіт Сая, Ерниязқызы Жанель, Абдықадыр Меруерт қатысты. Аталған жиында жастар қала әкімімен өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізіп, еркін форматта сұхбат жүргізді.
   Мегаполис басшысы еліміздің кемел келешегі жастарға тікелей байланысты екенін айтып, «жастық шақта ел игілігі үшін аянбай, адал еңбек ету қажет» деп кеңес берді. Ол үшін білім алуға, кітап оқуға, үнемі ізденіп-үйренуге, зиянды әдеттерден бас тартуға, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Осы орайда Ғабит Әбдімәжитұлы жастарға үлкен сенім білдірдіре отырып жастарға байланысты атқарылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар барысын жеткізді. Шымкент – жастардың қаласы. Жеке және кәсіби тұрғыдан өсу, жұмысқа орналасу немесе тұрғын үй алу үшін қаламызда қандай мүмкіндіктер бар екенін әркім білуге тиіс, – деді Ғ. Сыздықбеков.Сонымен қатар, қала басшысы: «Шымкент қаласында жастарды жұмыспен қамтуда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Биыл жастарды жұмыспен қамту шараларына субсидияланатын жұмыс орындары және жастар практикасына 3 554, «Алғашқы жұмыс орындарының жобасына» 1 031 және «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына 20 орын бөлінді. Бұл дегеніміз – жұмыссыз болып
тіркелген 4500-ден астам жас жұмыспен қамтылады деген сөз. Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде жастардың бизнес бастамаларын қолдау аясында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несиемен 273 жас, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 426 жасқа шағын және орта кәсібін ашу үшін мемлекеттік грант (400 АЕК – 1 476 800 теңге) берілетінін атап өтті.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02aUg5hhLc5aEncUNuwcYAzxWFheDYfoTpQeM1STHBCKnqBL2z92akDkACEyvYPNC3l&id=100008371725677
    Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің бас ғимаратында 7-желтоқсан күні “ZHASTAR ZHARMENKESY” өтті
       Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің бас ғимаратында 7-желтоқсан күні “ZHASTAR ZHARMENKESY” өтті.Дәстүрлі түрде жалғасуларын қалаған, белсенді жастардың алды, колледжіміздің парламент мүшелері бүгін жәрмеңке өткізілді. Қаражаттарды колледж игілігіне пайдалануды құп көрген парламент мүшелері ақшаны “Шексіз үміт” еріктілер клубының координаторы Жолдасова Динараға табыстады. Еріктілер клубы әр апта сайын жәрмеңке өткізіп жиналған қаражатты қайырымдылыққа үлес қосатын.
    Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің бас ғимаратында 7-желтоқсан күні “ZHASTAR ZHARMENKESY” өтті
       Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің бас ғимаратында 7-желтоқсан күні “ZHASTAR ZHARMENKESY” өтті.Дәстүрлі түрде жалғасуларын қалаған, белсенді жастардың алды, колледжіміздің парламент мүшелері бүгін жәрмеңке өткізілді. Қаражаттарды колледж игілігіне пайдалануды құп көрген парламент мүшелері ақшаны “Шексіз үміт” еріктілер клубының координаторы Жолдасова Динараға табыстады. Еріктілер клубы әр апта сайын жәрмеңке өткізіп жиналған қаражатты қайырымдылыққа үлес қосатын.
     Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық экономикалық колледжінің ішінен ашылған "Шексіз үміт" еріктілер ұйымы 5-желтоқсан Халықаралық волонтёрлар күніне орай ұйымдастырған "Ізгілікте жарысайық" ҚҚҚ ұжымы бастаған Шымкент қалалық форумында болды.  
Барша қала деңгейіндегі еріктілермен тәжірибе мен ақпараттар алмасып, жақсы эмоция мен әсерлер алып қайтты. Алдағы істеріне тың идеялармен келісімдер жасалды. Еріктілікпен ұйымдар арқылы, ынталы топтармен немесе жеке де айналысуға болады. Мұндай қызмет түрлерінің аясы өте кең. Мысалы әлеуметтік, спорттық, шаралық, экологиялық, медициналық, қайырымдылық секілді көптеген түрі бар. Бүгінде елімізде еріктілік қарқынды дамуда. Қайырымдылық жасау – кез келген қонақты құдайы қонақ деп қабылдайтын, асарлатып үй салып, текемет басатын қазақтың қанына сіңген қасиет.
https://www.facebook.com/share/v/8VoHY2EphsBuKJBT/?mibextid=WC7FNe
        Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде 10.11.2023ж «Қыз қылығымен әдемі» атты қыздар жиналысы өтікізілді.
Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде 10.11.2023ж «Қыз қылығымен әдемі» атты қыздар жиналысы өтілді. Жиналыста мына тақырыптар бойынша сөз қозғалды:
1.2023-2024 оқу жылына арналған қыздар ұйымының жылдық жоспарымен таныстыру
2.«Қыз қылығымен әдемі» баяндама
3.Тазалық денсаулық кепілі
Жиналысқа I,II,III,IV курс студенттері және қыздар ұйымының төрайымы-Балғабекова Айгерим, ұйым мүшесі- Асанбаева Ақбота, колледж психологы-Сайымбекқызы Айжан, колледж медбикесі – Жанпеисова Гульнара қатысумен өтті.

      Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде Сөйле дебат клубының ұйымдастыруымен «Сен және заң» тақырыбында пікірталас өткізілді.

Сөйле дебат клубының ұйымдастыруымен «Сен және заң» тақырыбында пікірталас
Турнирдің қарарлары:
14 білім алушыдан құралған, 6 фракция құрылып,
"Старт" Бейбарыс пен Сания
"Силкуэй" Дидар мен Динара
"Қазақ" Ақниет пен Салтанат
"Кофе" Ұлбала мен Мақсат
"Эппл" Нұргүл мен Ақтоты
"Тоқаевтар" Аяулым мен Ахмет
Шешуші финалда "Қазақ" және "Силкуэй" фракциясы озып шығып, нәтижесінде тең түсіп екі фракция турнирді аяқтады. Достық жеңген дебат турниріміз жалынды студенттермен тартысты өтіп колледж директоры А.С.Мырзасалиеваның “Алғыс хатымен” марапатталды.
  Заң – қоғамдағы бейбітшілік пен әділеттілікті қамтамасыз ететін және адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін құрал. Ол адамның құқықтарын зорлық-зомбылықтан, ұрлықтан және басқа да қол сұғушылықтардан қорғайды. Заңдар қоғамдағы тәртіп пен тепе-теңдікті орнатады. Сондықтан, әр адамның және жалпы қоғамның басты міндеті – ол заңға бағыну. Егер заңдар болмаса қоғамда тәртіпсіздік пен бассыздық орын алып, қоғамда құқықсыз дүрбелең немесе хаосқа түсетіні анық.
Қорытындылай келе, еліміздің азаматтарында құқықтық иммунитет қалыптасу қажет. Соның ішінде құқықтық сауаттылықты арттыруға аса мән беріп, тиісті шаруалар атқарылуы тиіс. Әрине, бұл мәселелер бір немесе екі күннің ішінде бола салатын дүние емес. Үлкен ыждаһаттылықпен қатар, сабырлықты талап ететін берекелі іс екені анық. Осындай күйбең тіршілікте заңды білу – заман талабы екендігін жадымыздан шығармауымыз тиіс!
#дебат
#сенжәнезаң
Дебат жетекшісі: Жахангер Айаулым
Парақша сілтемесі: https://www.facebook.com/share/v/vkBnwFzxFwXhrrJS/?mibextid=OTybqR
https://www.instagram.com/reel/C3X-FdkNi2y/?igsh=MWlkNDBwaGEycGI1Yw==
       Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің білім алушылары 23.10.2023жылы "Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті" тақырыбында жолдастық пікірсайыс өткізді.

Жолдастық кездесудің мақсаты колледж студентерінің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың бойына құқықтық мәдениетті, азаматтық белсенділікті, жауапкершілікті қалыптастыру, дебаттық қозғалысты насихаттау. «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы медицина колледжі,Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі және «Мирас» колледжі мекемесі білім алушылары қатысты. Колледжімізден “SOYLE” клубының спикерлері Нұржігіт Сая, Ерниязқызы Жанель қатысты.
      Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық экономикалық колледжінде 23.10.23-28.10.23 аралығында "Жаратылыс ғажайыптары" атты химия биология апталығы болып өтті.
      Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық экономикалық колледжінде 23.10.23-28.10.23 аралығында "Жаратылыс ғажайыптары" атты химия биология апталығы болып белгіленді. Апталықтың алғашқы кезеңі " Мерекелі, берекелі - Алтын күз" атты жәрмеңкемен басталды. Жәрмеңкеге 9 сынып арасында 01140100-"Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы бойынша ББ-23-9к1, ББ-23-9к2 топтары, 01140500-"Дене тәрбиесі және спорт" мамандығы бойынша ДШ-23-9К1, ДШ-23-9К2, ДШ-23-9К3 топтары, 06130100-"Бағдарламалық қамтамасыз ету" маманлығы бойынша БҚЕ-23-9К1, БҚЕ-23-9К2 топтары, 01120100- "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" маманлығы бойынша МД-23-9к тобы, 10410300- "Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару" мамандығы бойынша АКТ-23-9К тобы қатысты. Жәрмеңке 5 кезеңнен тұрды: киім үлгісі, сурет салу, кеткен жемістерден дәнді дақылдардан экиьана жасау, қол өнер бұйымдары жасау, күзде пісетін жемістер мен көкөністерден күзді бейнелеу және өз өнерлері сияқты бөлімдермен жалғасты. Колледж студенттерінің дайындығы жоғарғы деңгейде екенін жәрмеңке барысында көрсете білді. Жәрмеңке соңында топтарға l,ll,lll орындар берілді және "Ең үздік бояулар", "Ең әсерлі өнер", "Өнерлі өнерлер", "Шебер-алтын қолдар", " Ең әдемі күзгі сән үлгісі", "Ең әдемі күз тартуы" сынды номинациялармен марапатталды. Колледж әкімшілігі тарапынан топтарға марапат пен қаржылай сыйақы берілді. Жәрмеңке жоғарғы деңгейде өткізілді.

«Сыбайлас жемкорлық - қоғам дерті» тақырыбында колледж студенттері арасында қалалық дебат турнирі өтті.

«Қосымша білім беру оқу салалық орталығы» КММ «Өңірлік лиганын дебат қозғалысы жобасын іске асыру жөніндегі 2023-2024 оқу жылына арналған іс-шаралар» жоспарына сай 21 казан күні М. Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі базасында Республика куніне орай «Сыбайлас жемкорлық - қоғам дерті» тақырыбында колледж студенттері арасында қалалық дебат турнирі өтті. Қаламыздағы 14 колледждің қатысуымен өткен турнирде Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық - экономикалық колледжіміздің, Аманжол Марлен ЛД форматынан жүлделі ІІ орын 5000 теңге және Нурмахан Алпамыс пен біргеліктеп АПФ форматында ІІ орын 15 000 теңге алып қос жүлделі болды.
https://www.instagram.com/p/CytLbJ9NOVC/?igsh=emRpdnh5cHFxNTJx
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3645609602431692&id=100008846713546
Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі Ұлттық мереке 25-қазан- «Республика күніне» орай 24 қазан күні «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Халықаралық «International Educational Fair 2023» білім көрмесі
2023 жылы 3 қазан күні Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің директоры Мырзасалиева Ажар Сериковна және колледждің білікті ұстаздары білім алушы шәкірттері Халықаралық «International Educational Fair 2023» білім көрмесінде болып, медиа компаниялық озық тәжірибелерімен таныстырды.
https://www.instagram.com/p/Cx8BWKJtUko/?igsh=MTNpYjB6OGNycHQxYg==
   «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт»
«Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында кураторлық адалдық сағаты өткізіліп, білім алушыларымызға адалдық пен әділдік туралы түсінік бере отырып ақиқат құндылығының мәнін ұғындыру,адами қарым –қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы, өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы, туралы түсіндіру;студенттердің адалдық пен әділдікті, кішіпейілділікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету бойынша құндылық қалыптастырылды.
Еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысынан өтуде. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат-ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.
Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжіміздің белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету, және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу. Шәкірттерді тәрбиелеу ісінде, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында колледжімізде ішкі тәртіп ережесіне әр бейсенбі күні «Тақия күні» деп бекітілген болатын. Білім алушыларымыз әр бейсенбі ұлттық нақытшта тақия киіп келеді және топ тәлімгерлері тәрбие сағатын жүргізеді.
2023-2024 оқу жылында 22-қыркүйек 2023 жылы «Тіл мәртебесі, ел мерейі» атты колледжішілік студенттер арасында  Instagram және Facebook парақшалары арқылы үлкен көлемде онлайн форматта шығарма байқауы өткізілді.
Шығарма жазудың арнайы шарттары, критерийлері ,қорытынды жүлде қорлары жазылды. 100-астам білім алушы қатысып, төрешілер тарапынан Усенов Дидар 1-орын, Бүркітбай Ақерке 2-орын, Мәдібек Әмина 3- орынды қанжығаларына байлады.
https://www.instagram.com/reel/CxPx7DtNQBX/?igsh=NnZpNmtjbnpmZmFm
https://www.instagram.com/p/CxfoSektyAC/?igsh=MXdscjkyYXV0ZWF2Yw==

Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде жалпы пәндер бөлімінің "Әлемді бағындырған нақты ғылымдар" атты апталығы өткізілді.
Апталықтың мақсаты: білім алушылардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын, оқып-үйренудегі белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту және тапқырлыққа тәрбиелеу.
Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде Гуманитарлық-педагогикалық бөлімінің "Шексіз білім -ізденіс, шыңдалу, нәтиже" атты апталығы өткізілді.
Апталықтың мақсаты: білім алушылардың кәсіби ой-өрісін кеңейту, танымдық қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Апталықтың ашылуы
1 наурыз - Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келуіне орай, бөлім меңгерушісі Шалабаева Гүлшара Абдуатқызы құттықтау сөз алып, колледж басшысы Мырзасалиева Ажар Серікқызына, барша ұстаздар қауымына және білім алушыларға алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.
Сонымен қатар, студенттердің ептілігін, мергендігін, тапқырлығын және ой ұшқырлығын
шыңдайтын түрлі ойындар ойнатылып, логикалық сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды және барша қонақтарға ақ тілектер жазылған ашықхаттар мен тәттілер таратылды.
«Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің қыздарымен кездесу
Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз сұлулықтың көркем үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді көксеген. Сол себепті қыз баласының тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Осы мақсатта, Тұран және Абай ауданы жастар ресурстық орталығы «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің қыздарымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге Абай ауданы «Асыл әжелер» мүшесі Айымбетова Ғалия, «Ардагерлер» кеңесінің төрайымы Құрманбекова Шарапат, Тұран ауданының «Аналар» кеңесінің төрайымы Сауле Жүсіпқызы мен психолог маман қатысып, қыз балаларға отбасы және отбасылық құндылықтары мен қазақ салт-дәстүріндегі тәрбиелік ұғым жөнінде түсіндірді.

«Тәрбиесі түзелмей, елдің көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей, болашақ түзелмейді. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу деген сөз» деп сөзін түйіндеді «Ардагерлер» кеңесінің төрайымы.

Колледжіміздің қыздар төрайымы Ақбота Асанбаева мен педагог психолог Айжан Сайымбекқызы
Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жаныңдай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.
#қызғақырықүйдентыйым
#қызтәрбиесі
Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде студенттерге студенттеріне діни экстремизмнің алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оңтүстік Қазақстан-гуманитарлық экономикалық колледжінің 1-2-3 ші курс студенттеріне діни экстремизмнің алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласы дін істері басқармасының теолог маманы Анарбай Мұрат Таубайұлы қоғамның ең әлсіз тұсы дін. Олай дейтініміз бүгінгі таңда жастарымыздың жат ағымға бой алдыруы, тіпті лаңкестік әрекеттерге ұрынуы қазіргі уақыттағы қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселелерінің бірі болып отырғанын айтып өтті. Соңғы кездері, саңырауқұлақтай қаптап кеткен "Вайшнавтар", "Бахаи" сенімі, "Бірлестік шіркеуі", "Соңғы өсиет шіркеуі", "Кришнаны тану қоғамы", "Саентология" шіркеуі, "Мормондар", "Сахаджа йога", "Жаңа аспан", «Иегова куәгерлері» секілді т.б. толған өзге діннің өкілдері әсіресе, жастарды осындай діндердің үгіттеу жұмыстарынан аулақ болуға шақырды. Бала ата–ананың адамгершілік өмірінің айнасы. Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін–бірі қадірлеуінен, олардың өзара бірлігі мен түсінушілігінен, ата-ана мен балалар арасындағы мейірімді қарым-қатынастың қатынасуынан, үлкенге құрмет, кішіге ізеттілікке шақырса, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Елтаев білім алушы студенттерге жаны мен тәні таза, рухани бай, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, адалдыққа, жинақылыққа баулуға шақырды.
Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері “Ізгілік” волонтер жастарымен бірге жұмыс жүргізіп қайтты.
Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледждің «Шексіз үміт» волонтерлық тобының мүшесі Үсенов Дидарбек “Ізгілікте жарысайық” қайырымдылық қоғамдық қорының бүгіні жоспарына сәйкес Шымкент қаласының жол тазалығына үлесін қосып жүрген азамат, азаматшаларға “Ізгілік” волонтер жастарымен бірге жұмыс жүргізіп қайтты. 02.01.2024 ж.

«Салауатты өмір жарқын болашақ» атты тақырыбында студенттердің ой өрісін дамыту мақсатында оқытушы Қалыбай Ұ мен студенттердің арасында ашық сабақ өткізілді.
Байланыс құралдары:
+ 7 702 848 78 09
+7 776 848 78 09
ykgek@mail.ru
Шымкент қаласы, Сарбаздар көшесі, 18
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website