Білім алушылар: – педагогтермен күнделікті байланыста болады; – қол жетімді байланыс құралдары арқылы сабақ кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен танысады; – күн сайын білім алушының кабинетіне (бар болса), электронды поштаға және өз бетінше зерделеу үшін оқу материалын алу үшін басқа да байланыс жүйелері мен технологияларын қолданады; – күн сайын білім беру ұйымы белгілеген қол жетімді байланыс құралдары арқылы тапсырмаларды өз бетінше орындайды; – күн сайын педагогтердің талаптарына сәйкес орындалған тапсырмаларды ұсынады, сканерлеу (немесе фото), педагогке орындалған тапсырмаларды қол жетімді байланыс құралдары (электрондық пошта, whatsaap чаттар және т. б.) арқылы жібереді; – оқу тапсырмаларын орындау кезінде академиялық адалдық қағидаларын және өзін-өзі бақылау қағидаттарын сақтайды; – қол жетімді электрондық ресурстарды пайдаланады.
Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері): – жұмыс кестесімен, сабақ кестесімен, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру процесімен танысады; – білім алушылардың тапсырмаларды орындауын бақылауды жүзеге асырады; – педагогтермен, топ басшыларымен байланыста болады; – оқу үшін жағдай жасайды.