Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде МФИ апталығыны

Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде 2024 жылдың 9 ақпан күні математика пәнінің оқытушысы Әміртаева Жанар Нұрлыбекқызы және ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ерназарова Лаура Узакбаевна 1-курс ББ-23-9К2 тобының студенттеріне " I ♥️ MATH. Ordinal and Fractional numerals" тақырыбында Lesson study сабағын өткізді.
Сабақтың мақсаты: Математика және Ағылшын тілін ұштастыра отырып есептердің математикалық мәнін есептей отырып ағылшын тілінде айта алу қабілетін дамыту.
Кретивті ойлау қабілетін дамытуда математикалық сауаттылық аса қажет, ал заманауи студентті қалыптастыру, дамыған елдердің озық тәжірибелерін қолдана алу үшін міндетті түрде шет тіліне жүгінеміз, осы екі стеративті дамыту мақсатында математика сабағын ағылшын тілінде Lesson study әдісі арқылы, студенттерді білім деңгейіне қарай топтарға бөліп, математика және ағылшын тілін ұштастыра отырып сабақ өткізді.
Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде МФИ апталығының ашылуы өткізілді.
Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде 2024 жылдың 5 ақпан күні "Жалпы пәндер" бөлімінің "Әлемді бағындырған нақты ғылымдар" атты апталығының ашылу салтанаты өтті. Апталықтың мақсаты: білім алушылардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын, оқып-үйренудегі белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту және тапқырлыққа тәрбиелеу.
Апталықтың ашылуында студенттердің алғырлығын, жылдамдығын және мергендігін сарапқа салатын ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.
#апталық
«Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің қыздарымен кездесу
Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз сұлулықтың көркем үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді көксеген. Сол себепті қыз баласының тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Осы мақсатта, Тұран және Абай ауданы жастар ресурстық орталығы «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің қыздарымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге Абай ауданы «Асыл әжелер» мүшесі Айымбетова Ғалия, «Ардагерлер» кеңесінің төрайымы Құрманбекова Шарапат, Тұран ауданының «Аналар» кеңесінің төрайымы Сауле Жүсіпқызы мен психолог маман қатысып, қыз балаларға отбасы және отбасылық құндылықтары мен қазақ салт-дәстүріндегі тәрбиелік ұғым жөнінде түсіндірді.

«Тәрбиесі түзелмей, елдің көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей, болашақ түзелмейді. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу деген сөз» деп сөзін түйіндеді «Ардагерлер» кеңесінің төрайымы.

Колледжіміздің қыздар төрайымы Ақбота Асанбаева мен педагог психолог Айжан Сайымбекқызы
Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жаныңдай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.
#қызғақырықүйдентыйым
#қызтәрбиесі
Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде студенттерге студенттеріне діни экстремизмнің алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оңтүстік Қазақстан-гуманитарлық экономикалық колледжінің 1-2-3 ші курс студенттеріне діни экстремизмнің алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласы дін істері басқармасының теолог маманы Анарбай Мұрат Таубайұлы қоғамның ең әлсіз тұсы дін. Олай дейтініміз бүгінгі таңда жастарымыздың жат ағымға бой алдыруы, тіпті лаңкестік әрекеттерге ұрынуы қазіргі уақыттағы қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселелерінің бірі болып отырғанын айтып өтті. Соңғы кездері, саңырауқұлақтай қаптап кеткен "Вайшнавтар", "Бахаи" сенімі, "Бірлестік шіркеуі", "Соңғы өсиет шіркеуі", "Кришнаны тану қоғамы", "Саентология" шіркеуі, "Мормондар", "Сахаджа йога", "Жаңа аспан", «Иегова куәгерлері» секілді т.б. толған өзге діннің өкілдері әсіресе, жастарды осындай діндердің үгіттеу жұмыстарынан аулақ болуға шақырды. Бала ата–ананың адамгершілік өмірінің айнасы. Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін–бірі қадірлеуінен, олардың өзара бірлігі мен түсінушілігінен, ата-ана мен балалар арасындағы мейірімді қарым-қатынастың қатынасуынан, үлкенге құрмет, кішіге ізеттілікке шақырса, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Елтаев білім алушы студенттерге жаны мен тәні таза, рухани бай, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, адалдыққа, жинақылыққа баулуға шақырды.
Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері “Ізгілік” волонтер жастарымен бірге жұмыс жүргізіп қайтты.
Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледждің «Шексіз үміт» волонтерлық тобының мүшесі Үсенов Дидарбек “Ізгілікте жарысайық” қайырымдылық қоғамдық қорының бүгіні жоспарына сәйкес Шымкент қаласының жол тазалығына үлесін қосып жүрген азамат, азаматшаларға “Ізгілік” волонтер жастарымен бірге жұмыс жүргізіп қайтты. 02.01.2024 ж.

«Салауатты өмір жарқын болашақ» атты тақырыбында студенттердің ой өрісін дамыту мақсатында оқытушы Қалыбай Ұ мен студенттердің арасында ашық сабақ өткізілді.
Байланыс құралдары:
+ 7 702 848 78 09
+7 776 848 78 09
ykgek@mail.ru
Шымкент қаласы, Сарбаздар көшесі, 18
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website