«Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі»
жауапкершілігі шектелген серіктестігі – Оңтүстік өңіріндегі орта кәсіптік білім беретін танымал оқу орындарының бірі. Қазақ химия-технологиялық институты жанынан колледж ашу 25 сәуір 1995 жылы институт советінде қаралып №9 хаттамада колледж директорының міндетін атқарушы экономика кафедрасының аға оқытушысы Садыков Әріпхан Салыбаевич тағайындалды. Колледж жарғысы институт ректоры Т.Ш.Кальменовпен бекітілді. Қазақ химия-технологиялық институты жанынан №1-24 бұйрық 26 сәуір 1995 жылы «Инженерлік-экономикалық колледж» деген атпен Оңтүстік Қазақстан облысында ашылған тұңғыш жеке меншік орта кәсіптік оқу орны. Білім министрлігінің 22.07.1996 жылы №230 бұйрығына сәйкес білім беріле бастады.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі 9 қазан 1995 жылы ЖШС «Инженерлік-экономикалық колледжі» болып өзгерді. Колледж 1998 жылдың15 шілдесінен бастап жаңа мамандықтардың ашылуына байланысты ЖШС «Гуманитарлық-экономикалық колледжі» деп құрылтайшының шешімімен аты өзгертілді.

2001 жылың 4 желтоқсанынан бастап құрылтайшының шешімімен ЖШС «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі» болып аты өзгертілді.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі 7 қаңтар 2002 жылы шектеусіз мерзімге берілген мемлекеттік лицензия №0000295 негізінде жұмыс жүргізіп келді.

2002 жылы Колледждің негізін қалаушы әрі директоры Садыков Әріпхан Салыбайұлы – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері 1996-2015 жылдар аралығында басқарып келді.

2015 жылдың 23 қазан айында колледж құрылтайшысы ауысуына байланысты колледж директоры экономика ғылымдарының докторы, профессор Мейрбеков Алтай Каныбекович 2015-2020 жылға дейін басқарып, «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі» жауапкершілігі шектелеген серіктестігі, білім беру саласындағы қызмет бойынша берілген лицензия №13016333 0000295 17.10.2013ж. бойынша жұмыс істеп келді.

2020 жылдың 17 шілдесінде құрылтайшылардың ауысуына байланысты Экономика ғылымдарының магистрі Мырзасалиева Ажар Сериковна колледж директоры қызметіне тағайындалды. Колледждің мақсаты техникалық кәсіптік білім беруде Республика бойынша сұранысқа ие мамандар даярлау болып табылады.

«Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі» жауапкершілігі шектелеген серіктестігі, білім беру саласындағы қызмет бойынша лицензия №13016333 0000295 17.10.2013 жыл.

Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты Асыл-ой колледжі жауапкершілігі шектелген серіктестігі жұмысының тоқтатылуына байланысты 78 студенті Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі есебіне алынып өз мамандықтарымен курстары бойынша топтарға бөлінді. 17 сәуір 2004 жылы Шымкент колледжі атауымен басталған колледж мемлекеттік лицензия №0038389 Мадина колледжі болып құрылтайшылардың шешімімен аты ауысты, одан Асыл-ой колледжі болып құрылтайшылардың шешімімен аты ауыстырылды, Асыл-ой колледжінің директоры Рахметова Назира Қонысбековна 5 қаңтар 2021 жылы Шымкент қаласының Білім басқармасына хабарлама жіберіп Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжіне студенттерін ауыстырып, 2004 жылдан бері 16 жылдық архив құжаттарын өткізгені туралы мәлімдеді. 2020-2021 оқу жылында колледжде 571 студент білім алуда.

Байланыс құралдары:
+ 7 702 848 78 09
+7 776 848 78 09
ykgek@mail.ru
Шымкент қаласы, Сарбаздар көшесі, 18
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website