Коронавирустан сақтану шаралары
«COVID-19» коронавирусынан сақтану шаралары
Құрметті оқытушылар, қызметкерлер, студенттер!

Сіздер келесі ережелерді сақтай отырып, өз денсаулықтарыңызды және жақындарыңызды қорғай аласыздар:

  • үйіңізден шықпаңыз! Каратиндік жағдайдың талаптарын қатаң сақтаңыз! Аса қажет болған жағдайда сыртқа шықсаңыз (тамақ, дәрі-дәрмек алу үшін, медициналық көмек керек жағдайда), далаға шығар алдында медициналық маска, қолғап, жыл мезгіліне сәйкес жеңі ұзын жейде киіңіз.
  • қолыңызды сабынмен (кемінде 20 секунд) жиі жуыңыз немесе құрамында спирті бар антисептикпен жиі сүртіңіз!
  • мүмкіндігінше қолдарыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз!
  • тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтаңыз! Жөтелгенде және түшкіргенде аузыңыз бен мұрныңызды майлықпен жабыңыз. Дереу майлықты қақпағы бар қоқыс контейнеріне лақтырыңыз да, қолыңызды спирті бар антисептикпен немесе сабынды сумен жуыңыз.
  • күніне екі рет құрамында хлоры бар немесе басқа дезинфекциялаушы құралдарды қолдана отырып, ылғалды тазалау жүргізіңіз!
  • үй-жайды жиі желдетіп отырыңыз!
  • байланыс құралдарын пайдаланып, басқа адамдармен қашықтықтан сөйлесіңіз! Қонаққа бармаңыз және достарыңызды үйге шақырмаңыз. Азық-түлік пен тауар қажет болса, үйдің табалдырығына дейін жеткізу қызметтерін пайдаланыңыз.
  • салауатты өмір салтын ұстаныңыз, құнарлы тамақтаныңыз! Иммунитетті нығайтатын витаминдерді қабылдаңыз немесе олардың жоғары құрамы бар өнімдерді қолданыңыз.
Егер Сіз ауырып қалсаңыз, ЖРВИ ауруының белгілері байқалса, 103-ке қоңырау шалыңыз!

Егер Сізде коронавирус туралы сұрақтар болса, 1406 нөміріне қоңырау шалыңыз!
Байланыс құралдары:
+ 7 702 848 78 09
+7 776 848 78 09
ykgek@mail.ru
Шымкент қаласы, Сарбаздар көшесі, 18
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website